jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    Марокко құрамасының әлем чемпионатындағы жеңілісінен кейін Лондонда жаппай тәртіпсіздік болды (видео)

    Лондондағы қақтығыс
    Лондондағы қақтығыс. Видеодан кадр: x.com/PolymarketSport

    Марокко құрамасы футболдан әлем чемпионатының ширек финалында Франциядан 2:0 есебімен ұтылғаннан кейін Лондонда тәртіпсіздіктер басталған. Бұл туралы The Sun басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Басылымның мәліметінше, жаппай тәртіпсіздік Парижде басталады деп күтілген, алайда Ұлыбритания астанасында болған.

    Марокколық жанкүйерлер көшеге шығып, Эджуэр-роуд ауданында полицейлермен қақтығысқан.

    Франция жартылай финалға шыққаннан кейін көп ұзамай, қаланың батыс бөлігінде жиналған топтың шабуылынан Лондон полициясының қызметкері жарақат алып, ауруханаға жеткізілген.

    Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан түсірілген кадрлар таралып жатыр.

    Басылымның жазуынша, Франция да тәртіпсіздіктерге дайын болған. Елде 20 мыңнан астам полиция қызметкері, оның ішінде Парижде 8 мың тәртіп сақшысы жұмылдырылған.

    Естеріңізге сала кетейік, түнде Франция құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Марокконы жеңіп, жартылай финалға шықты.

    Марокко құрамасының әлем чемпионатындағы жеңілісінен кейін Лондонда жаппай тәртіпсіздік болды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.