Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында келісілген матчтар болды ма: ФИФА тексеруінің нәтижесі
Жарияланған күні:
Читать на русском
Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында келісілген матчтар немесе күдік тудырған бәс тігу белгілері анықталмады, деп хабарлайды SBC News басылымына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Агенттіктің мәліметінше, ФИФА-ның жарыстардың әділ өтуін қамтамасыз ететін арнайы тобы 2026 жылғы әлем чемпионатында келісілген матчтардың белгілерін таппаған, сондай-ақ күдік тудырған бәс тігу әрекеттері де тіркелмеген.
ФИФА мәлімдегендей, мамандар букмекерлік нарық пен турнирдегі барлық 104 матчтың барысын нақты уақыт режимінде бақылап отырған. Деректерді талдау барысында ойын нәтижесі бұрмаланғанын меңзейтін бірде-бір жағдай анықталмаған.
Арнайы топтың жұмысына футбол конфедерациялары мен АҚШ, Канада, Мексика федерацияларының өкілдері, сондай-ақ ФБР, Интерпол, БҰҰ-ның есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасы, Еуропа Кеңесі, Sportradar, Халықаралық бәс тігу әділдігі қауымдастығы және басқа да құрылымдар қатысқан.
Естеріңізге сала кетейік, футболдан 2026 жылғы әлем чемпионаты үш елде өтіп, трофейді Испания құрамасы иеленді. Олар финалда қосымша уақытта Аргентинаны 1:0 есебімен жеңді.
10 гол соққан Мбаппе турнирдің үздік сұрмергені атанды. Турнирдің ең үздік ойыншысына берілетін "Алтын допты" Родри алды.
- БАҚ: Лионель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтауға бел буды
- Мессидің көз жасы, үздік ойыншы, Ямальдың рекорды: әлем чемпионатының финалы немен есте қалды
Мәтіннен қате тапсаңыз,бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/football/2403209-futboldan-2026-zhylgy-alem-chempionatynda-kelisilgen-matchtar-boldy-ma-fifa-tekseruining-natizhesi/
