jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "УЕФА талаптарына сай": Алматыда 45 мың орындық болашақ стадионның жаңартылған жобасы таныстырылды

    Алматыдағы стадион макеті
    Алматыдағы стадион макеті. Фото: Алматы әкімдігі

    Алматы әкімдігі УЕФА талаптарына сай салынып жатқан стадион бұған дейін хабарланғандай 35 мың емес, 45 мың орынға есептелгенін мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Өңірік коммуникациялар қызметінің баспасөз мәслихатында Алматы қаласы Құрылыс басқармасының басшысы Нұрбол Нұрсағатов қаладағы заманауи футбол стадионының құрылысы туралы айтты.

    Жаңа арена Құлжа және Талғар тасжолдарының бойында салынып жатыр және 45 мың көрерменге арналған. Жобаны іске асыруға бөлінген аумақтың жалпы көлемі – шамамен 32 гектар.

    "Қазіргі уақытта нысанда құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Жоба заманауи спорт инфрақұрылымына қойылатын талаптарға сәйкес жүзеге асырылып, түрлі деңгейдегі жарыстарды өткізуге арналған толыққанды спорт кешенін қалыптастыруды көздейді.

    Болашақ стадион УЕФА-ның IV санаттағы талабына толық сай болады. Бұл халықаралық деңгейдегі футбол матчтары мен ірі спорттық іс-шараларды өткізуге мүмкіндік береді", - деді ол.

    Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, жоба аясында негізгі футбол аренасымен қатар жаттығу алаңдары, спортшылар мен командаларға арналған заманауи инфрақұрылым, жанкүйерлерге арналған аймақ, қауіпсіздік жүйелері және іргелес аумақты кешенді көріктендіру жұмыстары қарастырылған.

    "Нысанның көлік қолжетімділігіне де ерекше назар аударылған. Қаладағы негізгі көлік магистральдарының бойында орналасуы стадионды Алматының көлік жүйесіне тиімді кіріктіруге мүмкіндік береді.

    Сондай-ақ жоба шеңберінде оған іргелес жол инфрақұрылымы дамытылып, көрермендер мен қала қонақтарының стадионға қолайлы қатынауы қамтамасыз етіледі әрі бұқаралық іс-шаралар кезінде көлік қозғалысын тиімді ұйымдастыруға жағдай жасалады", - деді спикер.

    Құрылыс жұмыстарын 2028 жылғы наурызда аяқтау жоспарланған.

    Естеріңізге сала кетейік, былтыр Алматы әкімдігі қалада УЕФА талаптарына сай, 35 мың көрермен сыятын жаңа заманауи футбол стадионы бой көтеретінін хабарлаған еді.

    "УЕФА талаптарына сай": Алматыда 45 мың орындық болашақ стадионның жаңартылған жобасы таныстырылды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.