Головкин Португалия құрамасындағы мансабын аяқтаған Роналдуға қолдау білдірді
Жарияланған күні:
Читать на русском
Қазақстан Республикасы ҰОК президенті Геннадий Головкин Криштиану Роналдудың ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағаны туралы жазбасына пікір қалдырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұған дейін Криштиану Роналдудың Португалия құрамасындағы мансабын аяқтағанын жазған едік. Футболшының бұл шешімі бүкіл әлем бойынша желі қолданушылары арасында үлкен резонанс тудырды.
Бұл жазба жарияланған сәтте Роналдудың шешімі туралы видео 467 млн-нан астам қаралым, 32 млн-нан астам "лайк" жинады. Жазбаға көптеген танымал спортшы, соның ішінде қазақстандық Геннадий Головкин де пікір қалдырды.
"Нағыз аңыз! Әлем бойнша адамдарды шабыттандыра бер! Сенің мұраң мәңгі өмір сүреді", - деді Головкин жазбаның астында қалдырған пікірінде.
2025 жылдың желтоқсанында World Boxing басшысы Геннадий Головкин Сауд Арабиясында атақты португалиялық футболшы Криштиану Роналдумен кездескенін жазған едік.
Бірнеше жыл бұрын Геннадий Головкин Криштиану Роналдумен бірлескен жаңа жоба туралы мәлімдеп, елді таңғалдырған болатын. Ол аты аңызға айналған футболшымен бірге түскен суретін жариялап, олардың арнайы жоба дайындап жатқанын атап өткен еді.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/about-sports/2453160-golovkin-portugaliia-quramasyndagy-mansabyn-aiaqtagan-ronalduga-qoldau-bildirdi/