Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Танымал қазақ боксшысы АҚШ азаматтығын алғанын жоққа шығарды

Опубликовано:

Назарларыңызға Бейбіт Шүменовтің Юниер Дортикоспен өткізетін жекпе-жегінің алдындағы үлкен сұхбатын ұсынамыз. Боксшы vesti.kz сайтына кең көлемді сұхбат берді.

- Бейбіт, кубалық боксшы Дортикосқа қарсы өтетін жекпе-жекке қызу дайындалып жүргеніңізді білеміз  Қазақстандағы жанкүйерлеріңіз сізді жоғалтып алды. Ақпараттық сайттардан жекпе-жекке дайындық туралы аз-кем жаңалықтарды ғана оқып жүрміз. Бокстағы мансап, алдағы жоспарлар мен АҚШ-тағы өміріңіз туралы соңғы сұқбатыңыз есімде жоқ. Бүгін осы олқылықтың орнын толтырсақ.

- Рақмет. Иә, сұқбат бермегеніме көп болыпты. Себебі менің соңғы кездері уақытымның бәрі жаттығу залында өтіп жатыр. Алда мен үшін өте жауапты жекпе-жек тұр.Қазір қарсыласымды зерттеп, жаттықтырушылармен тактика құрып жатырмыз. Күніне екі мезгіл жаттығу. 4-5 сағат бойы тер төгіп, Дортикосты мерзімінен бұрын ұтуға дайындалудамын. Бокс бұл менің өмірім. Мен кәсіпқой боксқа АҚШ-та тұру үшін ауысқан жоқпын, қазақтың атын шығару үшін жүрмін мұнда.

- Әдетте кәсіпқой боксшылар 1 жылда 3-4 жекпе-жек өткізіп жатады. Сіз 2015 жылы 1, 2016 жылы бір ғана жекпе-жек өткіздіңіз? Неге аз деген сұрақ туады? Біз білмейтін қандай мәселелер бар?

- Америкаға бардың, менеджермен келісім-шарт жасадың, ары қарай болды, бәрі оңай, ай сайын жекпе-жек өткіземін деу қате. Кәсіпқой бокстың өзіндік қиындығы бар. Мен жиі жекпе-жек өткізуге дайынмын. Бірақ, бәрі менің қолымда болмай тұр. 2015 жылы Эл Хеймонмен келісім шартқа отырғанмын. Жекпе-жектерімді сол ұйымдастырады. Мен оған жылына 3-4 рет жұдырықтасуға дайын екенімді бірнеше рет айттым. Әлі де айтып жүрмін. Мен жас емеспін, қазір өз бабымдамын. Бокс жанкүйерлеріне қабылетімді көрсеткім келеді. Ауыр салмаққа ауысқалы маған қазір салмақ қуу қиын емес. Мен жекпе-жектерге кеше дайын болғанмын, бүгін де дайынмын, ертең де дайын боламын. Әлемнің кез-келген мықтысымен шық десе, 3 минутта рингке көтерілемін. Аса ауыр салмақтағы Кличко, Джошуалармен де бүгін жекпе-жек өткіз десе ойланбастан, келісемін. Маған енді Лебедев қызық емес. Ол ұтылып қалған. Соңғы жекпе-жегінде ұтылған боксшыны ұтқанның несі мықтылық? Онымен шыққанша Гассиевпен шыққан қызық, «WBO» чемпионы Александр Усикпен қуана жұдырықтасамын.

Өткен шаққа бір оралайықшы. 2009 жылы испандық боксшы Габриэль Кампильомен кездестіңіз. Өкінішке қарай, төрешілер шешімімен қарсылас жеңіске жеткен болатын. Бірақ 5 айдан соң қайта жұдырықтасып, сіз жеңіске жеттіңіз. Келісім шартта реванш болып па еді?

- Реваншқа ешқандай келісім шарт болмаған. Ол менің кәсіпқой бокстағы 9 жекпе-жегім еді. Мен ол кезде кәсіпқой бокстың қыр-сырын енді үйреніп жүрген кезім. Әлемдік бокс кешін ұйымдастыратындар да жоқ еді елімізде. Ешкімді танымаймыз. Қарсыласымның гонорары 1 млн доллар болды. Иә, төрешілер жеңісті қарсыласыма берді. Бірақ, ол жекпе-жекте мен ұтылған жоқпын. Артынша тәуелсіз төрешілер арқылы оны дәлелдеп, сот арқылы реванш алдық. Егер боксты жалғастыру керек болса, оны ұтып барып жалғастарымын деп алдыма мақсат қойдым. Намыс жібермеді. Өз елімде жеңісімді бұрмалап, қарсыластың қолын көтерді. Бұл боксшы үшін ауыр жағдай. Реванш Лас-Вегаста өтті. Ол жерде өткізген себебіміз, төрешілері өте әділ. Сатылмайды. Барлығы бай. Оларға ақша қызық емес, олар үшін әділ бокс маңызды. Олар бокстың адал жанкүйерлері. Сол төрешілердің алдында жұдырықтасып, жеңіске жеттім. Менің ең бірінші жекпе-жегімде де бұрмалаушылық болған.Төрешінің қарсыласыма жақтасқанын сезіп, 1 раундта құлатып тастағанмын. Сосын, үшінші жекпе-жегімде де солай. Қарсыласымды ұра бастасам болды, төреші мені тоқтатып, әрнәрсені көрсетіп ұрғызбады. Жақтасқаны анық білініп тұрды. Оны да көп созбай үшінші раундта құлатып тастадым. Бокс өте қиын спорт. Ұтсаң да кейде төреші қолыңды көтермейтін жағдайлар болып тұрады. Сол үшін ринг сыртында да мықты болуың керек.

- Сіз Қазақстанға өту сирек келесіз. Соңғы рет елде қашан болдыңыз? Және де Бейбіт Шүменов АҚШ азаматтығын алған деген сөзді естіп қалып жатамыз. Қаншалықты рас?

- Мен соңғы рет елде 2014 жылы болдым. Сол жылы желтоқсан айында АҚШ-та Томас Боббимен мен жекпе-жек өткіздім. Келесі жекпе-жегіме ақпанда дайын боламын деп едім, уақытты созып 2015 жылы шілденің 25-не жекпе-жек қойды. Тіпті, сенбі күні болатын жекпе-жегімді сәрсенбі күні естіген күндерім де болған. Сол үшін мен үнемі бабымда болуым керек. Менеджерім ертең жекпе-жек десе, мен дайын болуым керек. Маған қазір демалуға болмайды. Мен АҚШ-қа демалу үшін келген жоқпын. Бұл жердің азаматтығы да керегі жоқ, маған. Көк паспортымды ауыстырмаймын. Мен мұнда тек әлемге мықтылығымды дәлелдеу үшін ғана жүрмін.

- «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі аясында Астанада кәсіпқой бокс кеші өтеді деп жоспарлануда. Қазақстандық бокс жанкүйерлері сізде де сол кеште көргісі келетінін жиі айтып, әлеуметтік желілерде жазып жүр. Елге келіп, жекпе-жек өткізу жоспарда бар ма?

- Астанада өтетін кәсіпқой бокс кешінде жекпе-жек өткізу туралы ұсыныс айтылды. Мен қуана қабылдаймын. Өз елінде, өз жанкүйерлерінің алдында жекпе-жек өткізу әр боксшының арманы. Меніңше Астанада жоғары деңгейдегі бокс кеші болады. АҚШ-тағы жанкүйерлер де ол жекпе-жектен хабардар. Күтіп жүр.

Бұл жаңалықты Whatsapp арқылы немесе әлеуметтік желіде бөлісіңіз

⇓⇓⇓

Тағы оқыңыздар:

Перуашев: Депутаттардың жалақысы вице-министрдің айлығына да жетпейді

Шетелдік жұлдыздар қазақ тойына келгені үшін қанша алады? (фото, видео)

Отандық продюсер: Димаш Қытайда қалуы керек

Алматылық әйелдің құдалықтан таққан қымбат алтындарын ұрылар тонап кетті

ОҚО-да 47 жастағы ер азаматқа туыстары жар іздеп жатыр (фото)

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1463575-beybit-shumenov-men-qazaqty-tanytu-ushi/

pixel