jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ұлжан Ибраим
    Ұлжан Ибраим
    Бұрынғы қызметкер

    "Нағыз аңдар": Хабиб Головкин мен "Канело" туралы өз ойын ашық айтты

    : Facebook

    UFC чемпионы Хабиб Нұрмағамедов алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісті. Спортшы қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен Сауль "Канело" Альварес туралы да өз ойын айтты деп хабарлайды AllBoxing.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

    Фото: instagram.com/khabib_nurmagomedov
    Фото: instagram.com/khabib_nurmagomedov: Facebook

    Өз мансабын дамыту туралы сөз қозғаған Хабиб Нұрмағамедов үш адамның тегін атады.

    "Мен олардың қанша қалғанын білмеймін. Сент-Пьер, Фергюссон және Мейвезер. Осы үш жігіт. Содан кейін мансабымды аяқтап, тарихтағы ұлы спортшы атансам болады", - деді ресейлік спортшы.

    Сондай-ақ, Нұрмағамедов қазақстандық Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес туралы не ойлайтынын айтты. Ол екі боксшыны да "аңға" теңеді.

    "Бокстағы жас арыстандардың бәсекелестігі туралы айтар болсам, маған қиын. Ал "Канело" немесе Геннадий Головкин туралы сөз етсем, олардың екеуі де - нағыз "аңдар",- деді ол.

    Одан бөлек, ресейлік спортшы Мейвезер жайында да әңгіме қозғады.

    "Мейвезердің жасы келді. Нақты айтқанда, жасы 41-42-де. Бірақ, ол өте атақты. Сондықтан, біз үлкен олжаға кенелуіміз мүмкін.

    Онымен кездесу менің болашағым үшін өте дұрыс шешім болады деп есептеймін. Мұрагерлік пен ақша үшін де, жанкүйерлер үшін де", -деді Нұрмағамедов.

    Айта кетейік, Головкин мен Нұрмағамедов алғаш рет 2018 жылдың шілде айында Мәскеуде кездескен.

    Ресейлік спортшы қазақстандық боксшыны үздікке балап, онымен кездесуге асыққанын айтты.

    2019 жылы Нұрмағамедов Қазақстанға келуді жоспарлап отыр.

    "Нағыз аңдар": Хабиб Головкин мен "Канело" туралы өз ойын ашық айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.