jitsu gif
Спорт

    Головкин әлемнің ең үздік боксшыларының жаңа тізіміне енді

    Геннадий Головкин
    Геннадий Головкин. Фото: instagram.com/gggboxing

    Қазақстандық орта салмақтағы боксшы Геннадий Головкин 2021 жылдың басында батыстық басылымның мәліметі бойынша әлемнің ең үздік 10 боксшысының жаңа рейтингіне енді.

    Кәсіпқой бокстағы статистиканы жинақтайтын батыстық BoxRec.com порталы салмақ дәрежесіне қарамастан жаңа жылда планетаның ең үздік жекпе-жекшілерінің алғашқы рейтингін жасады.

    Бұл тізімге қазақстандық IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин де енген. Рейтинг дереккөзі оны 8-орынға орналастырған. Қазақстандық боксшы филиппиндік Мэнни Пакьяодан кейін және ресейлік Александр Поветкиннің алдында тұр.

    Порталдың тізіміне сәйкес, қазіргі уақытта мексикалық Сауль Альварес ең үздік боксшы. Екінші орында британиялық Тайсон Фьюри. Одан кейінгі орындарда америкалық боксшылар Эррол Спенс-кіші, Теренс Кроуфорд және Деонтей Уайлдер тұр.

    ТІЗІМ
    Скриншот: boxrec.com

    Еске сала кетсек, танымал промоутер Оскар де ла Хойя үлкен жекпе жек ұйымдастыру үшін қазақстандық Геннадий Головкиннің командасымен келіссөз жүргізіліп жатқанын хабарлаған еді.

    Golden Boy негізін қалаушы өзінің Twitter парақшасында Геннадий Головкин мен Хайме Мунгияның кездесу өткізуі мүмкін екенін мәлім еткен.

    "Мен GGG командасымен 2021 жылы бокстағы ең жақсы жекпе-жек "Головкин - Мунгия" туралы келіссөздер жүргізіп жатырмын", - дейді промоутер.

    Оскардың сөзінше, екі тарапта бұл кездесудің ұйымдастырылуына қызығушылық танытқан.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.