jitsu gif
Спорт

    Жан Кособуцкий "Танк" лақап атымен танымал боксшыны нокаутқа түсірді (видео)

    Жан Кособуцкий11
    Фото: instagram.com/kossobutskiy

    Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (15-0, 14 КО) рингтегі кезекті жеңісіне қол жеткізді деп хабарлайды Prosports.kz.

    Кособуцкий Германияның Гамбург қаласында өткен бокс кешінде "Танк" лақап атымен танымал америкалық боксшы Джоу Давейкомен (21-8-4, 12 КО) жекпе-жек өткізді.

    Ауыр салмақтағы кездесу он екі раундқа жоспарланып, қазақстандыққа тиесілі WBA International чемпиондық белбеуі бәске тігілген.

    Алайда Жан Кособуцкий жекпе-жектің екінші раундында-ақ қарсыласын нокаутқа түсіріп, атағын қорғап қалды.

    Осылайша қазақстандық боксшы мансабындағы он алтыншы жеңісін тойлауда.

    Айта кетейік, бұған дейін қазақстандық боксшылар Дубайда бокстан жастар арасындағы Азия чемпионатын сәтті бастағаны хабарланған еді.

    Одан бөлек, Нилуфар Раимова жасөспірімдер арасындағы әйелдер күресінен әлем чемпионы атанған болатын.

    Ол күрес түрлерінен Уфада өтіп жатқан әлем чемпионатында 57 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп, финалда италиялық Аврора Руссмен 8:6 есебімен жеңді.

    Кездесу барысында Нилуфар негізі жеңіліп жатқан еді. Алайда, жеңіске деген жігерінің арқасында чемпион атанды.

    Одан бөлек, осы әлем біріншілігінде 74 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен Нұрдәулет Қылышбай күміс жүлдегер атанды.

    Нұрдәулет финалда америкалық Киган Отоолеге есе жіберді. АҚШ балуаны 11:0 есебімен мерзімінен бұрын жеңіске жетті.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.