Боксшылар Данияр Елеусінов (10-0, 6 КО) пен Иван Дычконың (10-0, 10 КО) менеджері Зия Алиев спортшылардың Қазақстанда өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығатынын хабарлады деп жазады Sports.kz.
"Мен 18 желтоқсанда Қазақстанда Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай шоу жасаймын. Промоутері менмін. Оған Данияр да, Иван да қатысады. Бүгінде қалған қатысушылармен жұмыс істеп жатырмын", - дейді Алиев.
Айта кетсек, Данияр Елеусінов пен Иван Дычко Triller Fight Club промоутерлік компаниясымен де ынтымақтастық орнатпақ.
Елеусіновтің бұған дейінгі кездесуі 2020 жылдың қарашасында өткен еді. Сол кезде отандасымыз Джулиуса Индонгоны (23-4, 12 КО) екінші раундта нокаутқа түсірген болатын.
Ал Иван Дычко биыл шілде айында ресейлік Денис Бахтовпен (39-19, 26 КО) қолғап түйістіріп, қарсыласын бірінші раунда жеңген еді.
Еске сала кетсек, бұған дейін қазақстандық боксшы Әли Ахмедов "Пантера" лақап атымен танымал перулік боксшы Давид Зегаррадан басым түскенін жазған едік.
Бокс кеші АҚШ-тың Монтебелло қаласында өтті.
Сегіз раундқа жоспарланған жекпе-жек үшінші раундта аяқталды. Себебі, Алидің қарсыласы кездесуді жалғастырудан бас тартқан.
Осылайша, Әли Ахмедов кәсіпқой рингтегі 17-жеңісіне қол жеткізді. Әли Ахмедов GGG Promotions промоутерлік компаниясының қоластында өнер көрсетеді. Оның негізін қалаушы орта салмақта IBF және IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин (41-1-1, 36 КО).
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1933043-ivan-dycko-men-daniyar-eleusinov-qazaqstanda-otetin-boks-kesinde-sarsy-alanga-sygady/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.