jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Ұлы боксшы": Сауль Альварес Головкиннен көп нәрсе үйренгенін айтты

    Сауль Альварес
    Сауль Альварес. Фото: Gettty Images/ Handout / Handout

    WBC, WBA және WBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Сауль Альварес қазақстандық Геннадий Головкинді ұлы спортшы деп атады.

    Last Stand Podcast with Brian Custer подкасты кезінде Канелодан қазақстандық Геннадий Головкин туралы сұрады. Мексикалық боксшы болса "Ол ұлы боксшы" деп жауап берді.

    Сонымен бірге, Альварес қазақстандық боксшымен өткізген екі жекпе-жектен көп нәрсе үйренгенін айтты.

    Айта кетейік, Канело мен Головкин арасындағы алғашқы кездесу тең аяқталған болатын. Екінші жекпе-жекте мексикалық спортшы төрешілер шешімімен жеңіске жетті.

    6 қарашада Сауль Альварес орта салмақтағы абсолютті әлем чемпионы атағы үшін америкалық Калеб Плантамен жұдырық түйістіреді.

    Еске сала кетсек, бұған дейін IBF және IBO нұсқалары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин осы салмақта WBA Super титулын иеленген жапониялық Риота Муратамен жекпе-жек өткізуге келіскенін жазған едік.

    ESPN инсайдері Майк Коппинджердің ақпаратынша, жекпе-жек 28 желтоқсанда Жапонияның Коба қаласында өтеді деп жоспарланған.

    "Ұлы боксшы": Сауль Альварес Головкиннен көп нәрсе үйренгенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.