jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Азамат Қабетов
    Азамат Қабетов
    Бұрынғы қызметкер

    Альварес Плантты нокаутқа түсіріп, абсолютті әлем чемпионы атанды (видео)

    Сауль Альварес пен Калеб Плант
    Фото: Al Bello/Getty Images

    Мексикалық боксшы Сауль Альварес екінші орта салмақтың барлық белбеулерін жинап алды деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Лас-Вегастағы жекпе-жекте "Канело" IBF тұжырымы бойынша америкалық чемпион Калеб Плантты он бірінші раундта нокаутқа жіберді.

    Осылайша, мексикалық былғары қолғап шебері барлық титулдарды (WBC, WBA, WBO, IBF) жинап, тарихта бұл нәтижеге қол жеткізген алтыншы боксшы атанды.

    Бұл жеңіс Сауль Альварестың кәсіби мансабындағы 57-ші жеңісі болды, боксшы оның 39-ын мерзімінен бұрын аяқтаған. Ал Калеб Плант өзінің мансабында алғашқы жеңіліске ұшырады.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Сауль "Канело" Альварес (56-1-2, 38 KO) GGG-ге қарсы үшінші жекпе-жекке шығуға дайын екенін мәлімдеген болатын.

    Журналистер Канелодан Головкинге қарсы үшінші жекпе-жек туралы сұрағанда боксшы оны алдымен GGG-дің өзінен білуге кеңес берді.

    "GGG-ден 168 фунтқа көтерілуге дайын ба, жоқ па, алдымен осыны сұраңыз. Өз басым кез келген қарсыласпен жұдырықтасуға дайынмын", – деді Альварес.

    Альварес Плантты нокаутқа түсіріп, абсолютті әлем чемпионы атанды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.