jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан өзбекстандық бапкер Қазақстан құрамасының жетістікке жету себебін айтты

    Асланбек Шымбергенов
    Асланбек Шымбергенов: kfb.kz

    Бокстан Өзбекстан жастар құрамасының бұрынғы бас бапкері Хамид Тангрибергенов Белградта өткен әлем чемпионаты туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports.kz.

    "Әрбір әлем чемпионатына дайындалу үшін біраз уақыт қажет. Өкінішке қарай, соңғы жылдары бізде (ред. Өзбекстан) тек бірінші құрамдағы спортшыларға басты назар аударылды. Резервтегі құрам тасада қалып отырды. Олар бірнеше жылдан бері негізгі құрамға ене алған жоқ. Сербияда өткен әлем чемпионатында көп мемлекет жас спортшыларына мүмкіндік берді. Украина, Беларусь, АҚШ, Ресей және Қазақстан құрамаларының негізін жас боксшылар құрады. Бұл нәтижеде де байқалады", – дейді жаттықтырушы.

    Еске сала кетейік, Белградтағы әлем біріншілігінде Қазақстан командасы 5 медаль жеңіп алды. Теміртас Жүсіпов (48 келі) пен Сәкен Бибосынов (51 келі) алтын алса, Сабырхан Махмұд (54 келі) пен Серік Теміржанов (57 келі) күміс, Абылайхан Жүсіпов (67 келі) қола медаль иеленді.

    Жалпы командалық есепте Қазақстан екінші орын алды.

    Ал Өзбекстан құрамасы байрақты бәсекеде бір күміс, бір қола медальға қол жеткізді.

    Бокстан өзбекстандық бапкер Қазақстан құрамасының жетістікке жету себебін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.