Жапониялық боксшы Риота Муратаның промоутері Ахихико Хонда қазақстандық спортшы Геннадий Головкинге қарсы кейінге қалдырылған кездесудің шамамен қашан өтетінін хабарлады, деп жазады Sports.kz.
Ахихико Хонда жекпе-жек 2022 жылдың сәуір айында өткізіледі деп жоспарланып отырғанын мәлімдеді.
Бастапқыда IBF/IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин мен WBA Super титулының иегері Риота Мурата арасындағы кездесу 2021 жылғы 29 желтоқсанда Жапонияда өтуі тиіс еді.
Алайда елде коронавирустың "омикрон" штамының таралуына байланысты үкімет бірқатар шектеу шараларын енгізді. Салдарынан отандасымыз бен жапониялық арасындағы кездесу 2022 жылға шегерілді.
Айта кетейік, Головкин соңғы жекпе-жегін 2020 жылдың желтоқсан айында Польша өкілі Камил Шереметаға қарсы өткізіп, мерзімінен бұрын жеңіске жеткен болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1950869-golovkin-men-murata-arasyndagy-zekpe-zektin-zana-merzimi-ataldy/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.