jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Қазақстанның үздік 10 боксшысының тізімі өзгерді

    Қанат Ислам
    Қанат Ислам. Фото: instagram.com/islamkanatqazaq

    Boxrec.com сайты Қазақстанның үздік боксшыларының рейтінгіне өзгерістер енгізді, деп хабарлайды Sports.kz.

    Қаңтар қорытындысы бойынша ТОП-10 қатарына кірген қазақстандық боксшылар:

    1. Жәнібек Әлімханұлы (11-0, 7 КО);
    2. Қанат Ислам (28-0, 22 КО);
    3. Батыр Жүкембаев (19-1, 15 КО);
    4. Руслан Мәдиев (14-2, 5 КО);
    5. Данияр Елеусінов (11-0, 6 КО);
    6. Әли Ахмедов (18-1, 14 КО);
    7. Айдос Ербосынұлы (16-0, 11 КО);
    8. Жан Кособуцкий (17-0, 16 КО);
    9. Талғат Шайкен (7-0, 4 КО);
    10. Мейірім Нұрсұлтанов (15-0, 8 КО).

    Сонымен бірге, Boxrec.com сайты өз рейтінгінен отандасымыз Садриддин Ахмедовты шығару туралы шешім қабылдаған.

    Қазір сайтта қазақстандықтың мәртебесі "белсенді емес" деп жазылса, мансап жылдары ретінде "2018-2021" жылдар көрсетілген.

    Ахмедовтың рейтингке енбеуіне оның бір жылдан астам уақыт бойы рингке шықпауы себеп болуы мүмкін.

    Ол өткен жылдың 29 қаңтарында голландиялық Стивен Даньоны жеңіп, WBA Continental, NABF және WBC Francophone белбеулерін жеңіп алған еді.

    Сонымен бірге, Ахмедов бірнеше уақыттан бері ешкіммен жұдырық түйістірмеуін денсаулығымен байланыстырды. Оның сөзінше, арқасының жарақатын жеті ай бойы емдеген.

    Қазақстанның үздік 10 боксшысының тізімі өзгерді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.