jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Таиландта қарсыласын ойсырата жеңді

    Боксшы
    Фото: olympic.kz

    Таиландтың Пхукет қаласында Thailand Open-2022 боксшылар турнирі жалғасып жатыр. Бәсекеде қазақстандық спортшылар да өнер көрсетуде, деп хабарлайды Sports.kz.

    69 келіге дейінгі салмақта ширек финалдық кездесуде Қазақстан құрамасының капитаны, Азия ойындарының күміс жүлдегері Асланбек Шымбергенов филиппиндік Маржон Пианармен жұдырық түйістірді.

    Алғашқы раундта Асланбек Шымбергенов қарсыласын нокдаунға жіберген. Ал екінші және үшінші раундта отандасымыз төрешіні қайтадан есеп ашуға мәжбүр еткен. Нәтижесінде қорытынды раундтың басында жекпе-жек тоқтатылған.

    Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан атынан жартылай финалға тағы 5 боксшы жолдама алған болатын. Ал бір спортшымыз Тимур Нұрсейітов турнирде жарыс жолынан шығып қалды.

    Thailand Open-2022 9 сәуірге дейін жалғасады.

    Еске сала кетсек, 9 сәуірде қазақстанық боксшы Геннадий Головкин жапониялық Риота Муратамен жекпе-жек өткізеді. Кездесу Жапонияның Сайтама қаласында өтеді.

    Отандасымыздың жекпе-жегін Qazaqstan және Qazsport телеарналарынан елорда уақытымен сғат 15:00-де көруге болады.

    Бокстан Қазақстан құрамасының капитаны Таиландта қарсыласын ойсырата жеңді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.