Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Өзіміз отырып шәй ішейік": Головкин 40 жасын қалай тойлап жатыр (фото, видео)

Опубликовано:

Спортшы
Геннадий мен сыңары Максим. Фото: Instagram/gggboxing

Кәсіпқой боксшы, әлем чемпионы Геннадий Головкин мен сыңары Максим бүгін, 8 сәуірде 40 жасқа толды. Оларды туған күнімен көптеген танымал тұлғалар мен жанкүйерлер құттықтап жатыр. Өз кезегінде GGG барлық оқырмандарына алғыс айтып, желіде жазба қалдырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Геннадий Головкин Instagram әлеуметтік желісіндегі парақшасында сыңары Максиммен бірге отырған суретін жариялап, "Қазақтың арнайы диетасы. Ал енді өзіміз отырып шай ішейік", деген жазба қалдырды.

Кадрдан дастархан басында қазақтың ұлттық тағамы - бауырсақ пен "туған күндеріңмен" деген жазуы бар торттың тұрғанын байқауға болады.

Осы орайда желі оқырмандары боксшы мен сыңары Максимге жылы лебіздерін жарыса жазуда. Олардың басым бөлігі Геннадийге ертең, 9 сәуірде өтетін жекпе-жегіне сәттілік тілеген.

Одан бөлек салмақ өлшеу рәсімінде жапондықтар да отандасымызға құрмет көрсетіп, туған күнімен құттықтаған. Бұл сәттің видеосымен боксшы Twitter-дегі парақшасында бөлісті.

Сондай-ақ боксшыны туған күнімен мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та құттықтап, жеделхат жолдаған еді.

Өз кезегінде Головкин туған күнімен құттықтап, ақ тілегін жазып жатқан барша жанға алғысын айтты.

Айта кетейік, Геннадий Головкин мен жапониялық Риота Мурата арасындағы жекпе-жеке ертең, 9 сәуірде Жапонияның Сайтама қаласында өтеді.

Бокс кешінде Головкинге тиесілі IBF және IBO әлем чемпионы титулдары мен Риота Муратаға тиесілі WBA Super белбеуі сарапқа салынады.

Тартысты жекпе-жекті Qazaqstan және Qazsport телеарналарының тікелей эфирінен 9 сәуір күні сағат 15:00-де көруге болады.

Сондай-ақ отандасымыздың бұл жекпе-жегі DAZN платформасында әлемнің 200-ден астам елінде тікелей эфирде көрсетіледі (Жапония, Оңтүстік Корея мен Қазақстанды қоспағанда).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1964170-ozimiz-otyryp-sai-iseiik-golovkin-40-zasyn-qalai-toilap-zatyr-foto-video/

pixel