Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Жәнібек Әлімханұлының мансабындағы ең ірі жекпе-жек туралы ресми ақпарат жария етілді

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Top Rank промоутерлік компаниясы желідегі парақшасында қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы мен ұлыбританиялық Дэнни Дигнум арасындағы жекпе-жектің қашан және қайда өтетінін ресми түрде хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әлімханұлы мен Дигнум арасындағы жекпе-жек 21 мамырда Америка Құрама штаттарының Лас-Вегас қаласында Resorts World Las Vegas ойын-сауық кешенінде өтеді.

Боксшылар WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы "уақытша" әлем чемпионы атағын сарапқа салмақ.

Жәнібек Әлімханұлы соңғы рет былтыр қараша айында француз боксшысы Хассан Н’Дам Н’Жикаммен кездесіп, оны сегізінші раундта нокаутқа түсірген болатын. Жәнібек бүгінге дейін 11 жекпе-жек өткізіп, әлі жеңіліп көрмеген.

Ал Дэнни Дигнумге келсек, ол кәсіпқой бокстағы мансабында 15 жекпе-жек өткізіп, 14 рет жеңісіке жеткен, бір кездесуі тең нәтижемен аяқталған. Соңғы рет шаршы алаңға биыл ақпан айында шығып, отандасы Грант Деннисті техникалық нокаутпен жеңген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1966805-zanibek-alimxanulynyn-mansabyndagy-en-iri-zekpe-zegi-qaida-otetini-belgili-boldy/

pixel