Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлімханұлынан нокаутпен жеңілген Дигнум кездесу туралы алғаш рет пікір білдірді

Опубликовано:

Жәнібек Әлімханұлы
Видеодан кадр: Хабар арнасы

Британиялық боксшы Дэнни Дигнум отандасымыз Жәнібек Әлімханұлынан нокаутпен жеңілгеннен кейін алғаш рет кездесу туралы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Мен ең үздік боксшыдан ұтылдым. Басымды тәуекелге тіккенімді білемін, алайда бұндай мүмкіндіктен бас тарта алмадым.

Мені қолдағандардың барлығына алғысымды білдіргім келеді... Демеушілеріме көп рақмет. Оларсыз бұндай деңгейге жете алмас едім.

Жәнібекті құттықтаймын, ол мықты қарсылас және оның болашағы зор.

Енді аздаған үзіліс алып, уақытымды отбасыма арнаймын. Содан кейін шаршы алаңға қайта оралатын боламын", - деп жазды Дэнни Дигнум өзінің Instagram парақшасында.

Еске сала кетейік, кеше, 22 мамырда отандық былғары қолғап шебері Жәнібек Әлімханұлы WBO тұжырымы бойынша орта салмақтағы уақытша әлем чемпионы атағы үшін британиялық Дэнни Дигнуммен жұдырықтасты.

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткен бокс кешінде отандасымыз қарсыласын екінші раундта сұлатып түсірді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/1970542-alimxanulynan-nokautpen-zenilgen-dignum-kezdesu-turaly-algas-ret-pikir-bildirdi/

pixel