jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегіне қатысты тың ақпарат пайда болды

    Боксшы
    Фото: Данияр Елеусіновтің әлеуметтік желідегі жеке парақшасы

    Отандасымыз Данияр Елеусінов пен украиналық Иван Голуб арасындағы жекпе-жекке қатысты тың ақпарат пайда болды, деп хабарлайды Gazeta.ua.

    Қос боксшы арасындағы айқас 25 маусым күні АҚШ-тың Техас штатының Сан-Антониодағы Tech Port Arena аренасында өтеді.

    33 жастағы Иван Голуб кәсіпқой бокста 21 жекпе-жек өткізіп, оның жиырмасында қарсыластарынан басым түскен. Бір кездесуде жеңіліске ұшыраған.

    Ал Данияр Елеусінов соңғы айқасын 18 желтоқсанда Нұр-Сұлтан қаласындағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы спорт кешенінде өткізген. Оның қарсыласы аргентиналық Хуан Эрнан Леао болды.

    Данияр Елеусінов жекпе-жекті өте қарқынды бастап, екінші раундта қарсыласын екі рет нокдаунға жіберді. Үшінші раундта да аргентиналық былғары қолғап шебері нокдаун алды.

    Жалпы барлық раундта да Елеусінов жоғары деңгейде өнер көрсетіп, нәтижесінде отандасымыз төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Данияр Елеусіновтің IBF рейтингісінен шығып қалғанын жазған болатынбыз.

    Данияр Елеусіновтің келесі жекпе-жегіне қатысты тың ақпарат пайда болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.