jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Халықаралық бокс күнінде чемпиондар мүмкіндігі шектеулі балаларға тосынсый жасады

    Боксшылар мүмкіндігі шектеулі балалармен кездесті
    Мерей Ақшалов: kfb.kz

    Бүгін әлем бойынша Халықаралық бокс күні атап өтілуде. Осыған орай, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев, әлем чемпионы Мерей Ақшалов және бокс федерациясының атқарушы директоры Азиз Қожамбетов мүмкіндігі шектеулі балалармен жүздесті, деп хабарлайды ұйымның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Бокс мамандары мүгедек балаларды тәрбиелейтін "Бақытты шаңырақ" қоғамдық қорында қонақ болды.

    Танымал былғары қолғап шеберлері орталыққа жүгіруге арналған арнайы жолақ, емдік дене шынықтыруға арналған тренажер, баланың дамуына көмектесетін ойыншықтар тарту етті. Боксшылар балалармен бірге жаттығу жасап, шеберлік сағатын өткізді

    "Мұқтаж жандарға қол үшін беріп, мейірімділік таныту – әрбір қазақстандықтың парызы. "Бақытты шаңырақ" қорына табыс тілеймін", - деп құттықтады Серік Сапиев.

    Айта кетейік, 2021 жылдан бастап Халықаралық бокс күні 27 тамызда атап өтілуде. Бұл шешімді Халықаралық бокс қауымдастығы (IBA) қабылдады. Сонымен қатар дәл осы күні тарихта алғаш рет бокстан әлем чемпионаты басталған болатын.

    Халықаралық бокс күнінде чемпиондар мүмкіндігі шектеулі балаларға тосынсый жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.