jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    GGG мен Канело Лас-Вегастағы үшінші жекпе-жектің алдында кездесті (видео)

    Геннадий Головкин мен Сауль Альварес
    Геннадий Головкин мен Сауль Альварес. Фото: Instagram/gggboxing

    Қазақстандық боксшы Геннадий Головкин мен мексикалық Сауль Альварес Лас-Вегастағы жекпе-жек аптасын ресми түрде бастады. Фотолар GGG-дің Instagram парақшасында пайда болды.

    Боксшылар жекпе-жек апталығы аясында алғашқы көз арбасу рәсімін өткізді.

    Айқасқа дейін Канело мен Головкин журналистер үшін баспасөз мәслихатын ұйымдастырып, дәстүрлі салмақ өлшеу шарасына қатысады.

    Былғары қолғап шеберлері арасындағы кездесу 18 қыркүйек күні Нұр-Сұлтан уақытымен таңғы 5 шамасына жоспарланған.

    Ал екі боксшының шаршы алаңға шығатын уақыты елорда уақытымен 08.00-ден кейін басталады. Кездесуді отандық Qazsport арнасы көрсетеді деп күтілуде.

    Жекпе-жек Лас-Вегастағы (АҚШ, Невада штаты) T-Mobile Arena аренасында өтеді.

    Еске сала кетейік, Головкин мен "Канело" арасындағы бірінші кездесу 2017 жылы өтті. Аталған айқас тең аяқталса, 2018 жылы өткен жекпе-жекте төрешілер ұпай санымен жеңісті Альвареске берді.

    GGG мен Канело Лас-Вегастағы үшінші жекпе-жектің алдында кездесті (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.