jitsu gif
Спорт

    Қазақстан құрамасының капитаны қарсыласын нокаутқа түсірді: Желіде жекпе-жектің видеосы пайды болды

    Асланбек Шымбергенов
    Асланбек Шымбергенов шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы/Аян Төлеген

    Йорданияның Амман қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасының капитаны алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Былғары қолғап шебері турнирді 1/8 финалдан бастап, алғашқы жекпе-жегінде Филлиппин өкілі Маржон Пианьярмен жұдырықтасты.

    Отандасымыз кездесудің басынан-ақ қарсыласын соққының астына алып, жеңіске деген жігерін көрсеті білді.

    Нәтижесінде Асланбек Шымбергенов екінші раундта Филлиппин өкілін алдымен нокдаунға түсіріп, артынан нокаутқа жіберді.

    Осылайша, 71 келіге дейін салмақта ел намысын қорғап жатқан Қазақстан құрамасының капитаны ширек финалға жолдама алып отыр.

    Еске сала кетсек, Бокстан XXXII Азия чемпионаты Йорданияның Амман қаласында 30 қазан мен 13 қараша аралығында өтпек.

    Байрақты бәсекеде ерлер 13, ал əйелдер 12 салмақта мықтыны анықтайды.

    Сары құрлық додасын Азия бокс конфедерациясы (ASBC) Халықаралық бокс қауымдастығының (IBA) ережелерін негізге ала отырып, ұйымдастырып жатыр.

    Қазақстан құрамасының капитаны қарсыласын нокаутқа түсірді: Желіде жекпе-жектің видеосы пайды болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.