jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Жәнібек Әлімханұлы төртінші баланың әкесі атанып, ұлына ерекше есім берді

    Жәнібек Әлімханұлы
    Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жек алдында. Фото: janibek_alimkhanuly/Instagram

    Кәсіби боксшы Жәнібек Әлімханұлының төртінші баласы дүниеге келді. Танымал спортшы ұлына ерекше есім берген, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Төртінші баласы туралы сүйінші хабарды боксшының өзі әлеуметтік желіде жариялады.

    "Аллаға шүкір, төртінші балам өмірге келді. Оны Хан деп атадым. Хан Жәнібек", - деп жазды боксшы жеке парақшасында.

    Айта кетелік, Жәнібек Әлімханұлы бұған дейін титулдық жекпе-жегін сәтті аяқтады.

    Лас-Вегаста өткен бокс кеші он екі раундқа жоспарланып, соңына дейін жалғасты.

    Нәтижесінде төрешілердің бірауыздан қабылдаған шешімімен Жәнібек Әлімханұлы жекпе-жектің жеңімпазы атанды.

    Бір қызығы, Жәнібектің жұбайы да бұған дейін бокспен шұғылданған.

    Жәнібек Әлімханұлы төртінші баланың әкесі атанып, ұлына ерекше есім берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.