Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Азия біріншілігінің финалына шыққан отандық алты боксшының жекпе-жегін қайдан көруге болады

Опубликовано:

Санжар Тәшкенбай
Санжар Тәшкенбай. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бүгін Бангкокта өтіп жатқан 19-22 жас арасындағы Азия біріншілігінің финалы өтеді. Ақтық мәреде Қазақстан ерлер құрамасының алты боксшысы өнер көрсетеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Финалдық жекпе-жектер Астана уақытымен 13.00-де басталады. Кездесуді тікелей эфирден сілтемеге өтіп, тамашалауға болады.

Айта кетейік, еліміздің ерлер құрамасынан байрақты бәсекенің финалына алты боксшы шықты.

Олар: Санжар Ташкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі), Махмұд Сабырхан (57 келі), Абзал Серік (67 келі), Сабыржан Аққалыков (71 келі) және Диас Молжігітов (75 келі).

Финалда өнер көрсететін отандық боксшылардың қарсыласы:

  • 48 келі. Санжар Ташкенбай - Шодиержон Меликузиев (Өзбекстан),
  • 54 келі. Нұрсұлтан Алтынбек - Флинт Джара (Филиппин),
  • 57 келі. Махмұд Сабырхан - Саравут Суктхет (Таиланд),
  • 67 келі. Абзал Серік - Бехзод Хамидов (Өзбекстан),
  • 71 келі. Сабыржан Аққалыков - Нурислом Исмоилов (Өзбекстан),
  • 75 келі. Диас Молжігітов - Алохон Абдуллаев (Өзбекстан).

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2006863-aziya-birinsiliginin-finalyna-syqqan-alty-bokssymyzdyn-zekpe-zegin-qaidan-koruge-bolady/

pixel