Бокстан Таиланд астанасы Бангкокте 22 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы Азия чемпионаты аяқталып, Қазақстан командасы үш алтын иеленді. Ал тағы үш боксшымыз финалда сүрінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Санжар Тәшкенбай (48 келі), Нұрсұлтан Алтынбек (54 келі) және Сабырхан Махмұд (57 келі) финалда қарсыластарына есе жібермей, алтын медаль жеңіп алды.
Өкінішке қарай, үш боксшымыз Өзбекстан құрамасының өкілдеріне жол берді. Алдымен 67 келідегі Абзал Серік Бекзод Хамидовтен ұтылса, кейін Сабыржан Аққалықов (71 келі) өзбекстандық Нурислом Исмоиловтан айла асыра алмады.
75 келідегі Диас Молжігітов те өзбекстандық боксшы Алохон Абдуллаевтан жеңілді.
Осылайша, қазақстандықтар Азия біріншілігінде еліміздің әнұранын үш мәрте шырқатты. Кеше қыздар құрамасы жарысты екі алтынмен аяқтаған болатын.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2006909-aziya-cempionaty-us-bokssymyz-finalda-ozbek-qarsylastaryna-ese-ziberdi/