Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бокстан АҚШ құрамасы ресейлік спортшыларға байланысты әлем чемпионатына қатыспайтын болды

Опубликовано:

Бокс қолғабы
Көрнекі сурет: pixabay.com

Америка бокс федерациясы 2023 жылдың наурызы мен мамырында өтетін бокстан әйелдер мен ерлер арасындағы әлем біріншілігіне қатыспайтынын мәлімдеді. Бұл туралы ұйымның ресми сайтында хабарланған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

Америка бокс федерациясы шулы мәлімдеме жасады. Аталған құрама бокстан әйелдер және ерлер арасындағы әлем чемпионатына қатыспайды. Бұған себеп - Ташкенттегі әлемдік додаға Ресей және Беларусь құрамаларының өз туы астында қатысуы.

Айта кетейік, 2023 жылдың 2 ақпанында Халықаралық олимпиада комитеті Ресей мен Беларусь спортшыларының жарыстарға өз туымен қатысуына тыйым салып, Париж Олимпиадасында нейтралды статустағы спортшылардың бақ сынай алатынын жеткізген.

Ал ресейлік Умар Кремлев басқаратын Халықаралық бокс қауымдастығы (ІВА) бұл тыйымдарды ескермей, Ресей мен Беларусь спортшыларын жарысқа өз туының астында қатыстырып отыр.

"ІВА басшылығының талаптарды орындамай, нейтралды статусты сақтамауы және қаржылық ашықтықтан ада болуына байланысты бокстан АҚШ құрамасы 2023 жылғы әлем чемпионатына қатыспайды. ХОК Ресей мен Беларуське қарсы төмендегідей санкция салды: ешқандай ту, әнұран немесе осы елдерге байланысты қандай да бір түстер жарыс кезінде қолданылмайды. Ал ресейлік спортшылар Марокконың Марракеш қаласында өткен IBA Golden Belt Series турнирінде өз туының астында өнер көрсетті. Алдағы әлем чемпионатына да осылай қатысады деп күтілуде", - делінген АҚШ бокс федерациясының мәлімдемесінде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2008703-bokstan-aqs-quramasy-reseilik-sportsylarga-bailanysty-alem-cempionatyna-qatyspaityn-boldy/