jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    Рақышев АҚШ бастаған мемлекеттердің әлем чемпионатынан бас тартуына қатысты пікір білдірді

    Кеңес Рақышев журналистерге сұхбат беруде
    Кеңес Рақышев. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

    2023 жылы Нью-Дели мен Ташкентте өтетін бокстан әйелдер мен ерлер арасындағы әлем чемпионатынан бірнеше ел бас тартты. Осыған орай, Қазақстан бокс федерациясының президенті Кеңес Рақышев пікір білдірді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    "Біріншіден, Халықаралық Олимпиада комитеті мен Халықаралық бокс қауымдастығының тарихи текетіресін барлығы біледі деп ойлаймын. Халықаралық Олимпиада комитеті осымен екінші Олимпиаданы ұйымдастыру ісіне әлемдік бокс қауымдастығын (ІВА) қатыстырмай отыр. Біз үшін бұл жаңалық емес. Бұған психологиялық және стратегиялық тұрғыдан дайын болдық.

    Екіншіден, АҚШ пен басқа да кейбір еуропалық командалардың әлем чемпионатынан бас тартуы, өкінішке қарай, біз үшін жақсы емес. Ең алдымен бәсекелестікке зиян тиеді. Бұл жерде біз ештеңе істей алмаймыз. Егер қазақстандық боксшылар әлем чемпионатына қатыспайтын болса, жанкүйерлер бізді кешірмейді. Біз бұлай істей алмаймыз. Қазір халықаралық жарыстар онсыз да көп емес. Сондықтан әлем чемпионатына міндетті түрде қатысамыз", - деді Кеңес Рақышев.

    Еске сала кетейік, бүгін Қазақстан бокс федерациясы жастар арасындағы әлем чемпионатының жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттады.

    Сондай-ақ жиын барысында Рақышев Ташкенттегі әлем чемпионатында Олимпиада жолдамасы сарапқа салынбайтынын айтты.

    Рақышев АҚШ бастаған мемлекеттердің әлем чемпионатынан бас тартуына қатысты пікір білдірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.