Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Странджа" турнирі: Көптен күткен қазақ және өзбек боксшысы кездесетін болды

Опубликовано:

Ертуған Зейнуллинов Қазақстан чемпионатында жұдырықтасуда
Ертуған Зейнуллинов қызыл жейдеде. Фото: olympic.kz

Болгария астанасы Софияда бокстан "Странджа" турнирі жалғасуда. Бүгін шаршы алаңға шыққан екі боксшымыз жеңіске жетіп, келесі айналымға өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

63,5 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Ертуған Зейнуллинов испаниялық Конде Ойера Ибарречемен кездесті.

Аталған жекпе-жек қазақстандық боксшының айқын басымдығымен өтіп, қарсыластың қабағы жарылып кетті. Осылайша, кездесу екінші раундта тоқтап, Ертуғанның жеңісімен аяқталды.

Зейнуллиновтің келесі қарсыласы - өзбекстандық Мужибилло Тұрсынов.

Сондай-ақ 57 келіге дейінгі салмақта Оразбек Асылқұлов алғашқы кездесуін сәтті аяқтады. Десе де, бұл кездесу отандық боксшы үшін оңай өткен жоқ. Ол ирландиялық боксшыдан ұтылып жатып, кездесу соңына қарай жеңісті жұлып алды.

Айта кетелік, бұған дейін 60 келідегі Ерасыл Таңқай қарсыласын нокаутпен жеңген еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2010304-strandza-turniri-kopten-kutken-qazaq-zane-ozbek-bokssysy-kezdesetin-boldy/

pixel