jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан кіші әлем чемпионаты: Бүгін Қоңқабаев пен Райыс шаршы алаңға көтеріледі

    Нұрқанат Райыс
    Нұрқанат Райыс. Фото: instagram.com/boxingkazakhstan

    Бүгін, 22 ақпанда бокстан Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан "Странджа Кубогында" төрт қазақстандық былғары қолғап шебері шаршы алаңға көтеріледі, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бүгін 75 келіге дейінгі салмақта сынға түсіп жатқан Нұрқанат Райыс Аустралия өкілі Доминик Молинаромен жұдырықтасады.

    Сонымен қатар 92 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғайтын Қамшыбек Қоңқабаев та шаршы алаңға шығады деп күтілуде. Отандық былғары қолғап шебері Нидерланд боксшысы Стэн Бертенспен шеберлік байқасады.

    Одан бөлек бүгін Ерасыл Таңқай мен Ертуған Зейнуллинов жекпе-жек өткізеді.

    Төрт кездесу де күндізгі сессияда (17:00) өтеді.

    Еске сала кетейік, бұған дейін бокстан кіші әлем чемпионатында жарыс жолынан бір отандық спортшының шығап қалғанын жазған едік.

    Бекзат Алдамжаров 1/8 финалда Франция өкілі Биллаль Беннамаға есе жіберді.

    Бокстан кіші әлем чемпионаты: Бүгін Қоңқабаев пен Райыс шаршы алаңға көтеріледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.