jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық боксшы жүлдеге бір табан жақын қалғанда өзбек спортшысынан ұтылып қалды

    боксшы
    Темірхан Тезек шаршы алаңда. Видеодан кадр: Youtube/Странджа Кубогы

    Болгария астанасы София қаласында өтіп жатқан "Странджа Кубогында" Қазақстан құрамасының тағы бір өкілі жарыс жолынан шығып қалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Байрақты бәсекеде 67 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Темірхан Тезек 1/4 финалда Өзбекстан өкілі Бехзод Хамидовпен жұдырықтасты.

    Тартысты жекпе-жекте төрешілердің шешімімен өзбекстандық былғары қолғап шебері жеңіске жетті. Есеп 3:2.

    Осылайша, Темірхан Тезек Абзал Құттыбеков, Кенже Мұратұлы, Ертуған Зейнуллинов, Бекзат Алдамжаров және Ерасыл Таңқайдың қатарына қосылып, жарыстан жүлдесіз қалды.

    Айта кетейік, "Странджа Кубогы" 27 ақпан күні аяқталады.

    Қазақстандық боксшы жүлдеге бір табан жақын қалғанда өзбек спортшысынан ұтылып қалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.