jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Боксшы Жанқош Тұраров мексикалық қарсыласын жеңіп, IBO титулын иемденді

    Жанқош Тұраров
    Жанқош Тұраров. Фото: instagram.com/zhankoshturarov

    Жеңіліп көрмеген қазақстандық кәсіпқой боксшы Жанқош Тұраров Алматыда IBO титулының иегері мексикалық Алехандро Менесеске қарсы жекпе-жек өткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    12 раундқа жоспарланған жекпе-жек мерзімінен бұрын аяқталды. Оныншы раундта мексикалық спортшы ауыр жарақат алып, оның командасы кездесуді тоқтатты.

    Осылайша, Жанқош Тұраров техникалық нокаутпен жеңіске жетті. Сондай-ақ 32 жастағы қазақстандық боксшы бірінші жартылай орта салмақтағы IBO (Халықаралық бокс ұйымы) титулын иемденді.

    Айта кетсек, бұл Жанқош Тұраровтың кәсіби мансабындағы 27-жеңісі (20 кездесуде мерзімінен бұрын жеңген). Ал Алехандро Менесес мансабында алтыншы рет жеңіліп, 16 мәрте жеңіске жеткен.

    Боксшы Жанқош Тұраров мексикалық қарсыласын жеңіп, IBO титулын иемденді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.