jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Әлем чемпионатының финалына шыққан отандық боксшылардың қарсыласы кім

    боксшы
    Күнгейбаева шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Бокстан Үндістанда өтіп жатқан әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының финалына шыққан отандық спортшылардың қарсыласы белгілі болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Байрақты бәсекеде 57 келіге дейін салмақта өнер көрсетіп жатқан Карина Ибрагимова финалда Италия өкілі, Токио Олимпиадасының қола, өткен жылғы әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Теста Ирмамен жұдырықтасады.

    Ал аса ауыр салмақтағы Ләззат Күнгейбаева болса марокколық Марди Хадиджамен жекпе-жек өткізеді. Қазақстандық боксшының қарсыласы - Әлем біріншілігінің екі дүркін жүлдегері, өткен жылғы Африка жеңімпазы.

    Айта кетейік, Делидегі дүниежүзілік доданың шешуші бәсекелері 25, 26 наурыз күндері өтеді. Карина Ибрагимова финалдың бірінші күні өнер көрсетсе, Ләззат Күнгейбаева шаршы алаңға екінші күні көтеріледі. 

    Әлем чемпионатының финалына шыққан отандық боксшылардың қарсыласы кім

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.