jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Бокстан Әлем біріншілігінде 6 медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасы командалық есепте үздік бестікке кірмеді

    бокс
    Карина Ибрагимова шаршы алаңда. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

    Бокстан Үндістанның астанасы Делиде өткен әйелдер арасындағы Әлем чемпионаты аяқталды. Қазақстан құрамасының боксшылары байрақты бәсекеде алты медаль жеңіп алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Ұлттық құрама сапынан күміс жүлдені аса ауыр салмақтағы Лəззат Күнгейбаева мен 57 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Карина Ибрагимова иеленді.

    Қола медаль Алуа Балқыбекова (48 келі), Надежда Рябец (66 келі), Валентина Хальзова (75 келі) және Фариза Шолтайға (81 келі) бұйырды.

    Айта кетейік, жалпыкомандалық есепте жарыс қожайыны Үндістан 4 алтынмен көш бастаса, Қытай 2-орынға (3 алтын, 1 күміс, 3 қола) жайғасты. Үздік үштікті Ресей қорытындылады (1 алтын, 1 күміс, 1 қола). Ал қоржынында екі күміс пен төрт қола жүлдесі бар Қазақстан құрамасы сегізінші орынды қанағат тұтты.

    Бокстан Әлем біріншілігінде 6 медаль жеңіп алған Қазақстан құрамасы командалық есепте үздік бестікке кірмеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.