jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстанда туған боксшы титулдық жекпе-жекте қарсыласын екінші раундта құлатты

    Роман Фресс
    Роман Фресс. Фото: Sports.kz

    Қазақстанның тумасы Роман Фресс (16-1, 9 КО) Германияның Хемниц қаласында титулдық жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Sports.kz.

    Фресс неміс боксшысы Роман Горстпен жұдырықтасты (8-2, 7 КО). Жекпе-жек он раундқа жоспарланған болатын. Алайда кездесудің екінші раундында Қазақстнның тумасы қарсыласын нокаутқа түсірді. Осылайша, Роман Фресс бірінші ауыр салмақтағы бос тұрған BDB титулын (Неміс боксшылары қауымдастығы бойынша чемпиондық белбеу) жеңіп алды.

    Бұл Роман Фресстің кәсіпқой бокстағы он жетінші жеңісі, ал оның қарсыласы үшінші рет жеңілістің ащы дәмін татып отыр.

    Айта кетейік, Роман Фресс Солтүстік Қазақстан облысында өмірге келіп, бала кезінде Германияға қоныс аударған. Ол бірінші ауыр салмақта WBO Inter-Continental белбеуін ұтқан.

    Қазақстанда туған боксшы титулдық жекпе-жекте қарсыласын екінші раундта құлатты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.