jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Әлемдік ұйым Головкинді жиі сынайтын әйгілі боксшыны спорттан кеткен соң жазалады

    Амир Хан шаршы алаңда
    Амир Хан. Фото: allboxing.ru

    36 жастағы британдық боксшы Амир Хан допинг қолданды деген айыппен екі жылға спорттан шеттетілді. Бір қызығы, Амир үлкен спорттағы мансабын аяқтаған, деп жазады Allboxing.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Амир Хан былтыр Келл Брукке қарсы кездесу өткізіп, жеңіліс тапты. Ал кейін оның допинг сынамасы оң нәтиже берген.

    Хан спорттағы мансабын былтырғы мамырда аяқтаса да, Ұлыбританияның допингке қарсы агенттігі (UKAD) боксшыны жазасыз қалдырған жоқ.

    Допингке қарсы агенттік әлемге әйгілі боксшыны екі жылға спорттан шеттеті. Оның жазасын өтеу мерзімі 2024 жылдың 5 сәуірінде аяқталады.

    Амир Ханның командасы оның тыйым салынған дәрмекті әдейі қабылдамағанын дәлелдесе де, ұйым жазаны өзгерткен жоқ.

    "Мен ешқашан қулыққа барған емеспін. Мен спорттық мансабымды аяқтағанмын. Мен ешқашан допинг қолданбағанмын", - деді Хан.

    Айта кетелік, Амир Хан замандасы Геннадий Головкинге қатысты жиі пікір білдірген. Ол Головкиннің жасы келгенін айтып, мексикалық Сауль Альварестің мүмкіндігі жоғары бағалағанымен де жанкүйерге танымал.

    Әлемдік ұйым Головкинді жиі сынайтын әйгілі боксшыны спорттан кеткен соң жазалады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.