jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    Бокс федерациясының басшылығында өзгеріс болды

    Марат Ералимов
    Марат Ералимов. Фото: Қазақстанның бокс федерациясы

    Қазақстанның бокс федерация вице-президенті қызметіне Медет Ералимов тағайындалды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі федерациясының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

    "Қазақстан бокс федерациясы құрамы толықты. Медет Ералимов еліміздің басты бокс ұйымының вице-президенті атанды. Ол федерацияның жалпы мәселелерімен айналысады.

    Медет Болатұлы 1989 жылы 4 наурызда Шығыс Қазақстан облысында дүниеге келген. Заңгерлік білімі бар, кәсіпкер, Шығыс Қазақстан облысы мәслихатының депутаты. Джентльмендерге арналған спорттың нағыз жанкүйерлерінің бірі.

    Қазақстан бокс федерациясы және еліміздің бокс қауымдастығы Медет Ерәлімовті жаңа қызметке тағайындалуымен құттықтап, оған жаңа қызметте толағай табыс, өркендеу және жетістік тілейді", - делінген хабарламада.

    Еске сала кетейік, бұған дейін Лондон олимпиадасының жеңімпазы, екі дүркін әлем чемпионы Серік Сәпиевтің жаңа қызметке тағайындалғанын жазған едік.

    Бокс федерациясының басшылығында өзгеріс болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.