Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Бас салғанымыз дұрыс емес": Бокс федерациясы Саматәлі Төлтаевты жаттығудан аластатты

Опубликовано:

Саматәлі Төлтаев шаршы алаңда жұдырықтасуда
Саматәлі Төлтаев қызыл жейдеде. Фото: kfb.kz

Қазақстан бокс федерациясының ресми өкілі Аян Төлеген допинг қолданды деп күдікке ілінген Саматәлі Төлтаевқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Bassport.kz.

"Дәл қазір Саматәлі Төлтаевты допинг қолданды деп айыптауға болмайды. Кез келген жағдайда ең алдымен "кінәсіздік презумпциясы" болуы керек. Бәлкім, қателік болуы да мүмкін ғой. Сондықтан асықпайық. Спортшыға қысым көрсетпейік. Қазір ақ-қарасын анықтамай, бас салғанымыз дұрыс емес. Әзірге, толық тексеріс аяқталғанша, ол оқу-жаттығу жиындары мен жарыстардан аластатылды. Біз халықаралық комиссияның шешімін күтіп отырмыз", - деді Аян Төлеген.

Айта кетейік, бұған дейін 60 келіде сынға түсетін боксшысының алғашқы допинг сынамасы оң нәтижеге бергенін хабарлағанбыз.

Екінші сынама қашан алынатыны белгісіз. Бүгінде осы іске қатысты тексеріс жұмыстарын Халықаралық допингке қарсы агенттік (WADA) жүргізіп жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2015741-bas-salganymyz-durys-emes-boks-federaciyasy-samatali-toltaevty-zattygudan-alastatty/

pixel