jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Төлтаевты үйіне қайтардық": бокстан команда бас бапкері допинг дауына қатысты алғаш рет мәлімдеме жасады

    Мырзағали Айтжанов
    Мырзағали Айтжанов Токио олимпиадасында. Фото: olympic.kz

    Бокстан Қазақстан командасының мүшесі, 2022 жылғы Азия біріншілігінің қола жүлдегері Саматәлі Төлтаев допинг дауына байланысты командадан шеттетілді. Бұл туралы бас бапкер Мырзағали Айтжанов та мәлімдеді, деп жазады Bassport.kz сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Айтжановтың айтуынша, командада допингтің зияны туралы үнемі айтылып, арнайы семинарлар өткізіліп тұрады.

    "Мен командаға келген соң, қайтадан дәрігерлерді, ғылыми кешенді топ қызметкерлерін жинап, жұмыс істей бастадық. Олар жігіттерге допинг туралы үнемі ескертіп отырады. Тіпті, көшеден су ішуге болмайтынын да ескертеміз. Арнайы семинар да өткіздік бәрінің басын қосып. Ал Саматәлі достарының, таныстарының айтуымен витамин ішемін деген ойда болған. Бүгінде одан екінші сынама алынады. Халықаралық комиссия шешеді бәрін. Қазір оны үйіне қайтардық. Жаттығу жиындарында жоқ. Боксшылар мамандар мен дәрігерлердің бақылауында", - деді бас бапкер.

    Айта кетелік, 60 келіде жұдырықтасатын Саматәлі Төлтаевтың допинг қолданды деген күдікке ілінгенін хабарлаған болатынбыз.

    Егер оның кінәсі дәлелденсе, спорттан төрт жылға аластатылуы мүмкін.

    "Төлтаевты үйіне қайтардық": бокстан команда бас бапкері допинг дауына қатысты алғаш рет мәлімдеме жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.