jitsu gif branding logo appbranding logo app

    Головкиннің шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

    Боксшы
    Фото: Instagram/gggboxing

    Fight Hub TV Youtube арнасының авторы Маркос Вильегас Геннадий Головкиннің (42-2-1, 37 КО) промоутері Том Леффлерден 41 жастағы қазақстандық боксшының болашағы туралы сұрады, деп хабарлайды Sports.kz.

    "Кеше кешкісін Леффлермен GGG бокста белгісіз уақытқа үзіліс алғаны туралы сөйлестім. Ол Эрик Моралес бұндай ақпаратты қайдан естіп алғанын білмеймінін жеткізді. Маған GGG жазда шаршы алаңға оралатындай болып көрінеді деп айтты", - деді Вильегас Twitter желісінде.

    Естеріңізге сала кетейік, жақында Геннадий Головкин IBF және WBA Super тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы белбеуінен бас тарту туралы шешім қабылдаған болатын. Қазіргі уақытта отандық боксшыда тек IBO титулы ғана бар.

    Головкиннің шаршы алаңға қашан оралатыны белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.