Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Геннадий Головкиннің байлығы қанша: шетелдік басылым мәлімет жариялады

Опубликовано:

Геннадий Головкин
Геннадий Головкин. Фото: Rich Polk/Getty Images for Chivas Regal

Қазақстандық танымал кәсіпқой боксшы Геннадий Головкиннің қаржылық жағдайы 35 миллион долларға бағаланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі caknowledge.com сайтына сілтеме жасап.

Спортшының қаржылық жағдайын бағалау Wikipedia, Forbes, Bloomberg ұсынған ақпараттар негізінде жүргізілген.

Сайттың мәліметінше, 2023 жылы Головкин айына орташа есеппен 0,1 миллион доллар табыс табады. Ал жылына спортшының қалтасына түсетін табыс сомасы 3 млн долларға жетеді.

Сонымен қатар мақалада оынң әр жылдардағы қаржылық жағдайы туралы деректер келтірілген. Мәселен, GGG 2022 жылы оның байлығы - 32 млн долларды, 2021 жылы - 29 млн долларды, 2020 жылы - 26 млн долларды құраған.

Еске сала кетсек, Геннадий Головкиннің соңғы кездесуі былтыр қыркүйекте мексикалық Сауль Альвареске қарсы өткен еді. Нәтижесінде қазақстандық боксшы төрешілер шешімімен "Канелодан" жеңілді.

Қазіргі уақытта ол - IBO нұсқасы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы. Сондай-ақ Головкин жақында IBF және WBA Super белбеулерінен бас тартты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2017288-gennadii-golovkinnin-bailygy-qansa-seteldik-baslym-malimet-zariyalady/

pixel