jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Сәке Қанатұлы
    Сәке Қанатұлы
    Бұрынғы қызметкер

    "Головкин, Альварес, Кличко": жеңілгеніне қарамастан көп табыс тапқан боксшылар кім

    Боксшы
    Фото: Sarah Stier/Getty Images

    Бокс әлемінде өзіндік қолтаңбасы бар Геннадий Головкин, Мэнни Пакьяо, Владимир Кличко, Сауль "Канело" Альварес секілді спортшылар ерекше рейтингке енді, деп хабарлайды Allboxing.ru.

    Рейтингті Mail Sport басылымы Betsperts-пен бірлесе отырып жасаған.

    Олар кәсіпқой рингте жеңілгеніне қарамастан көп табыс тапқан он боксшыны анықтаған:

    10-орын: Джозеф Паркер - 2018 жылдың наурыз айында Энтони Джошуадан жеңілгеніне қарамастан 6,7 миллион фунт стерлинг табыс тапқан.

    8-9-орын: Калеб Плант пен Сауль "Канело" Альварес. Боксшылар жеңіліп қалғанына қарамастан орта есеппен 8,3 миллион фунт стерлинг алған. Плант 2021 жылдың қарашасында Альварестен жеңілді, Альварес 2013 жылы Флойд Мейвезермен жекпе-жек үшін 5 миллион, ал 2022 жылы Дмитрий Биволмен жекпе-жек үшін шамамен 12 миллион алды.

    7-орын: Мигель Котто – Пакьяо мен Мейвезерден жеңілгеніне қарамастан орта есеппен 9,6 млн фунт стерлинг табыс тапты.

    6-орын: Геннадий Головкин – Альварестен екі рет жеңілсе де, орта есеппен 10 млн фунт стерлинг тапты.

    4-5 орын: Владимир Кличко - 2017 жылы Энтони Джошуаға есе жібергені үшін 10,8 миллион фунт стерлинг және Энди Руиз Энтони Джошуамен қарымта кездесуде ұтылғаны үшін 10,8 миллион фунт стерлинг тапты.

    3 орын: Энтони Джошуа – Александр Усикке жол берсе де, орташа есеппен 22 млн фунт стерлинг пайда түсірді.

    2 орын: Конор МакГрегор – кәсіпқой бокста дебют жасап, Флойд Мейвезерден ұтылғанына қарамастан 25 млн фунт стерлинг табысқа кенелді.

    1-орын: Мэнни Пакьяо – 2012 жылы Хуан Мануэль Маркес пен 2015 жылы Флойд Мейвезерден ұтылғаны үшін 60 млн фунт стерлинг табыс тапты.

    "Головкин, Альварес, Кличко": жеңілгеніне қарамастан көп табыс тапқан боксшылар кім

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.