jitsu gif
Спорт

    "Канелоның" андеркардында рингке шығатын отандық боксшының қарсыласы өзгерді

    Әбілхан Аманқұл
    Әбілхан Аманқұл жекпе-жектен соң. Фото: Instagram/Suleimen Promotions

    "Сауль Альварес - Джон Райдер" бокс кешінде шаршы алаңға көтерілетін Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы өзгерді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

    Бастапқыда отандық боксшы Мексика өкілі Хесус Моройоки Паломареспен жұдырықтасуы керек болған. Ол кездесу сегіз раундқа жоспарланған еді.

    BoxRec.com басылымы ұсынған ақпаратқа сәйкес, Әбілхан Аманқұлдың қарсыласы өзгерген. Ол енді мексикалық Фабиан Риос Фраустомен жекпе-жекке шығады.

    Айта кетейік, Әбілхан Аманқұл 1997 жылы 14 шілдеде Жамбыл облысында өмірге келген. Ол - әлем чемпионатының күміс жүлдегері. Сонымен қатар боксшы Азия біріншілігінде үшінші орыннан көрінген.

    "Канелоның" андеркардында рингке шығатын отандық боксшының қарсыласы өзгерді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.