jitsu gif
Спорт

    Бокстан Куба құрамасы Ташкенттегі әлем чемпионатына жұлдызды құраммен келген

    Хулио Сезарь Ла Круз бен Бекзат Нұрдәулетов
    Қызыл жейдеде Хулио Сезарь Ла Круз. Фото: boxing2019.com

    Бокстан Куба құрамасы Ташкентте өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшыларының тізімін атады, деп хабарлайды Bassport.kz.

    "Бостандық аралының" өкілдері 13 салмақтың барлығында өнер көрсетеді. Хулио Сезарь Ла Круз, Рониэль Иглесиас және Арлен Лопес секілді екі дүркін Олимпиада чемпиондары бар. Ла Круз сонымен қатар бес рет әлем біріншілігін ұтқан. Ал Иглесиас пен Лопес бір реттен топ жарған. Одан бөлек, үш дүркін әлем чемпионы Ласаро Альварес мен Сербияда топ жарған Йоэнлис Эрнандес те тізімге қосылған.

    Куба құрамасының тізімі толықтай мынандай: Алехандро Кларо (48 келі), Эрислан Ромеро (51 келі), Йосбани Вейтия (54 келі), Сайдель Орта (57 келі), Эрисландис Альварес (60 келі), Ласаро Альварес (63,5 келі), Рониэль Иглесиас (67 келі), Хорхе Куэльяр (71 келі), Йоэнлис Эрнандес (75 келі), Арлен Лопес (80 келі), Нельсон Уильямс (86 келі), Хулио Сезарь Ла Круз (92 келі), Фернандо Арсола (+92 келі).

    Ал Токио Олимпиадасының чемпионы, 26 жастағы Энди Крус Ташкентке бара алмайды. Ол заңсыз жолмен Кубадан кетпекші болған. Сондықтан құрамадан шығарылған. Әзірге толық ақпарат жоқ.

    Бокстан Куба құрамасы Ташкенттегі әлем чемпионатына жұлдызды құраммен келген

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.