Қазақстандық боксшылар Ташкенттегі әлем чемпионатын жеңіспен бастады. Команда мүшесі Талғат Сырымбетов алғашқы жекпе-жегінде қарсыластан басым түсті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
60 келіге дейінгі салмақта сынға түскен Талғат бірінші айналымда таиландтық Сакда Руамтхамамен кездескен болатын.
Тартысты жекпе-жек нәтижесінде қазақстандық боксшы жеңіске жетіп, 1/16 айналымға өтті.
Айта кетелік, Талғат Сырымбетов Азия чемпионатының күміс жүлдегері. Ол ересектер арасындағы әлем біріншілігіне алғаш рет қатысып отыр.
Бүгін 92 келідегі Айбек Оралбай да шаршы алаңға шығады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2018910-bokstan-alem-cempionaty-talgat-syrymbetov-zarysty-zenispen-bastady/