Әлем чемпионаты: Төлтаевтың қатысуымен өткен жекпе-жекте күтпеген нәтиже тіркелді (видео)
Опубликовано:
Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Санатәлі Төлтаев екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
63,5 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан отандық боксшы 1/16 финалда маврикалық былғары қолғап шебері Ришарно Коленмен жұдырықтасты.
Тартысты өткен жекпе-жекте төрешілердің шешімімен маврикалық спорты жеңіске жетті.
Осылайша, Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында екінші қазақстандық жарыс жолынан шығып қалды.
Айта кетейік, Санатәлі Төлтаев пен Ришарно Колен арасындағы кездесу басталмастан бұрын спорт сарапшылары мен жанкүйерлер қазақстандық боксшы жеңіске жетеді деп болжаған еді. Себебі әлемдік рейтингте отандық былғары қолғап шебері қарсыласынан әлдеқайда жоғарғы орныда тұр.
- Әлем чемпионатында өзге елдің намысын қорғайтын қазақ боксшылары кім
- Бокстан әлем чемпионаты: бүгін команда капитаны жарысты бастайды
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019416-alem-cempionaty-toltaevtyn-qatysuymen-otken-zekpe-zekte-kutpegen-natize-tirkeldi/