Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында тағы бір отандық боксшы жеңіліп қалды (видео)

Опубликовано:

Айбек Оралбай үзіліс кезінде. Ташкент, 1 мамыр 2023 жыл
Айбек Оралбай. Фото: Қазақстан бокс федерациясы

Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Айбек Оралбай екінші жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

92 келіге дейінгі салмақта сынға түскен отандық боксшы 1/16 финалда Италия боксшысы, Әлем чемпионатының жүлдегері Азиз Аббес Мухийдинмен жұдырықтасты. Тартысты өткен кездесуде Айбек Оралбай төрешілердің шешімімен қарсыласына есе жіберіп, байрақты бәсекенің келесі кезеңіне шыға алған жоқ.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында жарыс жолынан Талғат Сырымбетов пен Санатәлі Төлтаев шығып қалған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019634-taskentte-otip-zatqan-alem-cempionatynda-tagy-bir-otandyq-bokssy-zenilip-qaldy/