jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ақырыс Сейтқазы
    Ақырыс Сейтқазы
    Бұрынғы қызметкер

    "Кімнің қателігі?": Моңғолия намысын қорғайтын қазақ боксшысына қатысты жаңа деректер белгілі болды

    Бекнұр Қали бапкерімен
    Бекнұр Қали. Фото: facebook/Анық Көкенайұлы

    Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Моңғолия намысын қорғайтын Бекнұр Қалиұлын ұйымдастырушылар жарысқа жібермей қойған. Бұл туралы журналист Анық Көкенайұлы хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Бекнұр Қалиұлы +92 келі салмақта өнер көрсететін боксшы. Алайда журналистің мәліметінше, ұйымдастырушылар Бекнұрды басқа салмаққа тіркеп қойған.

    "Жеребе күні IBA өкілдері Бекнұрды -92 келі салмаққа тіркеп, жібермеген. Мұны Моңғолия құрамасының бапкерлері байқамай қалыпты. Бапкерлер Бекнұрды ауыр салмақтың ішінен іздеген, таба алмаған. Салмағы 100 келіден жоғары боксшы 2-3 күнде 92 келіге дейін салмақ қуа алмайды ғой. Сол себепті шықпаған.

    IBA-ның қателігі болды ма? Әлде Моңғолия бапкерлерінің бе?", - деп жазды Анық Көкенайұлы.

    Осыған қатысты спорт журналисі Уәлихан Қосанбай да пікір білдірді.

    "Егер Қалиұлы аса ауыр салмаққа тіркелгенде Қамшыбек Қоңқабаев үшін де басқаша болар еді", - деп жазды Уәлихан.

    Айта кетелік, қазақстандық Қамшыбек Қоңқабаев пен оның басты қарсыласы Бахадор Жалолов турнирдің ширек финалында кездесуі мүмкін.

    Егер Бекнұр жарысқа жіберілгенде, жеребе әлдеқайда басқаша түсетін еді.

    "Кімнің қателігі?": Моңғолия намысын қорғайтын қазақ боксшысына қатысты жаңа деректер белгілі болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram