Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан алғашқы жекпе-жегін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Махмұд Сабырхан 1/16 финалда Венгрия өкілі Иштван Сакамен жұдырықтасты.
Тартысты өткен жекпе-жекте отандық боксшы төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Махмұд Сабырхан Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінің келесі финалына жолдама алды.
Айта кетейік, Махмұд Сабырхан Белградта өткен Әлем чемпионатының жүлдегері және Азия біріншілігінің жеңімпазы. Оны спорт сарапшылары мен жанкүйерлер "қазақтың Ломаченкосы" деп атайды. Себебі отандық боксшының жұдырықтасу стилі екі дүркін олимпиада чемпионы, украиналық Василий Ломаченкоға ұқсайды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019784-qazaqstandyq-lomacenko-alem-cempionatyn-zenispen-bastady/