Қоңқабаев Әлем чемпионатының ширек финалына шықты (видео)
Опубликовано:
Бокстан Ташкентте өтіп жатқан Әлем чемпионатында Қамшыбек Қоңқабаев екінші кездесуін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
92 келіден жоғары салмақта ел намысын қорғаған Қамшыбек Қоңқабаев 1/8 финалда Сирия өкілі Мохаммед Млайесcпен жұдырықтасты.
Тартысты өткен жекпе-жекте қазақстандық былғары қолғап шебері төрешілердің шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Қамшыбек Қоңқабаев Ташкентте өтіп жатқан Әлем біріншілігінің ширек финалына жолдама алды.
Енді ол жартылай финалға шығу үшін Өзбекстанның атақты боксшысы Баходир Джалоловпен жұдырықтасады. Жекпе-жек 10 мамыр күні өтеді деп жоспарланып отыр.
- Бахрейн намысын қорғаған қазақ боксшысы Әлем чемпионатынан "ұшып кетті"
- Серік Теміржанов Ташкенттегі әлем біріншілігінде бес дүркін әлем чемпионын ұтты
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2019742-qonqabaev-alem-cempionatynyn-sirek-finalyna-syqty/