Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Әлем чемпионаты: Махмұд Сабырхан ел қоржынына төртінші жүлдені салды

Опубликовано:

боксшы
Махмұд Сабырхан. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионатында Махмұд Сабырхан кезекті кездесуін өткізді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

54 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғап жатқан Махмұд Сабырхан ширек финалда ганалық Мохаммед Амадумен жұдырықтасты.

Тартысты өткен кездесуде төрешілердің шешімімен отандық боксшы жеңіске жетті.

Осылайша, Махмұд Сабырхан Ташкентте өтіп жатқан әлем біріншілігінің жартылай финалына шығып, кем дегенде қола жүлдеге ие болып отыр.

Айта кетейік, бокстан Ташкентте өтіп жатқан әлем чемпионаты 14 мамыр күні аяқталады. Байрақты бәсекеге Қазақстан намысын қорғау үшін 13 боксшы аттанып, оның жетеуі жарыс жолынан шығып қалды. Жүлдесіз қалған спортшылардың қатарында Сәкен Бибосынов, Серік Теміржанов, Санатәлі Төлтаев, Сағындық Тоғамбай, Талғат Сырымбетов, Айбек Оралбай және Нұрқанат Райыс бар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/boxing/2020012-alem-cempionaty-maxmud-sabyrxan-el-qorzynyna-tortinsi-zuldeni-saldy/